19
қыркүйек
2026
Усенова Жадра Елюбаевна
Усенова Жадра Елюбаевна1990 жылдың 23 қазанында Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам кентінде дүниеге келдім.1997 жылы Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам кентіндегі №80 мектеп-гимназиясының 1-сыныбына қабылданып, 2008 жылы 11 жылдық білім алып, аталған мектепті бітірдім.
2008 жылы Қызылорда облысындағы Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетке «Тарих және құқық» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 4 жыл білім алдым. 2012 жылы аталған оқу орнын бітіріп,
2013 жылдан бастап Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақай кентіндегі «Бота» балабақшасына тәрбиеші болып жұмысқа орналастым. Осы балабақшада 2022 жылға дейін еңбек еттім.
2018 жылы Шымкент қаласындағы Аймақтық инновациялық институтына «Мектепке дейінгі білім беру» мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2 жыл білім алдым.
2022–2023 жылдары Атырау қаласында супервайзер болып жұмыс жасадым.
2024 жылдың наурыз айында Қызылорда облысы, Байқоңыр қаласындағы «Ғарышкер» бөбекжай-бақшасына тәрбиеші болып қызметке орналастым.
2025 жылдың 17 желтоқсанында аталған балабақшаға меңгеруші қызметіне тағайындалдым. Қазіргі таңда «Ғарышкер» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі болып қызмет атқарамын.
Тұрмыстамын. 4 балам бар.
Менің өмірлік ұстанымым:
«Бала – біздің болашағымыз, ал оның тәрбиесі – ең үлкен жауапкершілік. Әрбір балаға мейіріммен қарап, жүрегіне жылу сыйлау, жақсы сөз айтып, дұрыс бағыт көрсету – менің басты ұстанымым. Баланың бойына адамгершілік, ізгілік, адалдық пен еңбекқорлық қасиеттерін сіңіру арқылы жарқын болашаққа жол ашамыз.
Мен әр баланың жеке тұлға екенін бағалаймын. Оның пікірін тыңдап, қабілетін дамытуға, өзіне деген сенімін арттыруға тырысамын. Балаға берілген тәрбие – өмір бойына азық. Сондықтан әрбір тәрбиеленушіме сүйіспеншілікпен қарап, өнегелі тәрбие мен сапалы білім беруді өзімнің азаматтық әрі кәсіби міндетім деп білемін.
«Балаға жүрек жылуын сыйла, болашағына сеніммен қара!»